A+ A A-

talgatzhan 0 9-07-2025, 17:30 0

ШҚО-да 9 елдің қатысуымен халықаралық форум өтті

Бүгін / ШҚО

Шығыс Қазақстан облысында тоғыз мемлекеттің дипломатиялық өкілдерінің қатысуымен халықаралық деңгейдегі форум өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.


Делегаттар өңірдің инвестициялық, өндірістік, ғылыми және туристік әлеуетімен танысып, жергілікті өнімдер көрмесін аралады. Форумға Корея, Беларусь, Өзбекстан, Ресей, Швеция, Қытай, Бельгия, Қырғызстан және Қазақстандағы Еуропалық дипломатиялық миссиялардың өкілдері қатысты. Ауқымды шарада өңірдің индустриалдық қуаты мен болашағы зор жобалары кеңінен таныстырылды.

– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облыстың инвестициялық тартымдылығын арттыру бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі форум – соның бір айқын дәлелі. Қыркүйек айында «Altai Invest – 2025» форумын өткізуді де жоспарлап отырмыз. Бұл қадам шетелдік кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін нақты келісімдер жасау алаңына айналады деп сенеміз, – деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Бұдан бөлек, индустриялық кәсіпорындармен бірлескен ғылыми-зерттеу жобалары, қолданбалы зертханалар, ғылыми кластерлер мен инженерлік орталықтар көрсетілді. Бұл – өңірдің ғылым мен өндіріс интеграциясына бағытталған стратегиялық қадамының нәтижесі.

Халықаралық форум Шығыс Қазақстан мен шетелдік әріптестер арасындағы экономикалық және мәдени байланыстарды тереңдетудің маңызды кезеңіне айналды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив