A+ A A-

talgatzhan 6 Кеше, 11:30 0

Шығысқазақстандық оқушы халықаралық олимпиададан жеңіспен оралды

Бүгін / ШҚО

Сингапурде өткен SIMOC-2025 (Singapore International Math Olympiad Challenge) халықаралық математика олимпиадасынан облыстық №25 мамандандырылған мектеп-лицейдің 3А сынып оқушысы Жәңгір Дастанұлы күміс медальмен оралды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл беделді додаға әлемнің 37 елінен 2380 оқушы қатысқан болатын. Жәңгір жеке есепте – күміс, ал топтық сайыста – алтын медаль жеңіп алды.

Қазақстанның намысын бұл жарыста 14 оқушы қорғады, олардың барлығы — дәл осы №25 мектеп-лицейінің дарынды шәкірттері. Олимпиадаға іріктеу бірнеше кезең арқылы, бейнебақылаумен әділ өткізілген. Соның нәтижесінде Сингапур тарапы дәл 14 квота бөлінген.

Жәңгірдің жеңісі — жүйелі дайындық пен табандылықтың нәтижесі. Бұған дейін де ол халықаралық деңгейде ел мерейін асқақтатып үлгерді:
* FEMO–2024 (Ташкент) – 🥇
* IJMO–2024 (Стамбұл) – 🥉
* FEMO–2025 (Баку) – 🥈
* SIMOC–2025 (Сингапур) – 🥈

Жәңгірді жеңісімен құттықтаймыз! Жаңа белестер мен биік шыңдар сенің еншіңде болсын!

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив