A+ A A-

talgatzhan 0 Кеше, 11:00 0

ШҚО-да өңір қонақтарына арналған QR-нұсқаулықтар пайда болады

Бүгін / ШҚО

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов аймақтың негізгі туристік нүктелері бойынша QR-нұсқаулықтарды енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, арнайы кодтар әуежайда, қонақ үйлерде орналастырылады. QR-кодты сканерлей отырып, туристер өңір бойынша қонақ үйлер, дәмханалар, көрікті жерлер және пайдалы телефондар туралы ақпараты бар ыңғайлы және қолжетімді нұсқаулықты ала алады. 

- Егер сапалы туристік қызмет туралы айтар болсақ, онда ол біздің өңірдегі қонақтың алғашқы қадамы - әуежайдан басталуы тиіс. Адамда қай жерде демалуға, тамақтануға, тоқтауға немесе көмек алуға болатындығы туралы ақпарат болуы керек. Бұл барлығына ыңғайлы әрі түсінікті болуы қажет, - деді Нұрымбет Сақтағанов.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив