A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 16:30 0

ШҚО аумағында орналасқан 11 балалар сауықтыру лагеріндегі өрт қауіпсіздігі қатаң бақылауда

Бүгін / ШҚО

Өңір бойынша 270 мектеп жанындағы лагерь бар. Онда 1200-ден астам адамды қамтыған тексерулер мен нұсқамалар жүргізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Бүгінгі таңда барлық лагерьде комиссиялық тексерулер жүргізілді. Соның барысында объектілерді өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келтіру бойынша ұсыныстар берілді.
- Демалыс объектілеріне қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы тексерулердің жаңа саясатына байланысты тексерулер жүзеге асырылмады. Осыған қарамастан, бұл нысандарда 1000-нан астам адамды қамти отырып, өрт қауіпсіздігі саласында үгіт материалдарын тарату, нұсқамалар жүргізу жолымен профилактикалық жұмыс жүргізілді, - деді ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқырмасының бастығы Нұржан Өміржанов.
Бұдан әрі ол балалардың жазғы демалыс орындары мен сауықтыру лагерлерін ұстау тәртібі бойынша өрт қауіпсіздігі саласындағы негізгі талаптарға егжей-тегжейлі тоқталды. Атап айтқанда:
- Электр сымдарын жарамды күйде ұстау;
- Эвакуация жолдарының бітелуіне жол бермеу;
- Төтенше жағдай туындаған кезде "112"телефон нөмірі бойынша дереу хабарлау қажет.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив