Шығысқазақстандық Батырхан Төлеуғали таэквондодан ел қоржынына тағы бір медаль әкелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Дүниежүзілік додада Батырхан Төлеуғали (80 келі) жартылай финалда Оңтүістік Корея өкіліне есе жіберіп, қола медальға қол жеткізді.
Айта кетейік, 2023 жылы Қытайдың Чэнду қаласында өткен ХХХІ жазғы Универсиадада Қазақстан құрамасы 2 алтын, 7 күміс, 11 қола медаль жеңіп алды. Ең жоғары нәтиже 2013 жылы Қазан қаласында өткен Универсиадада тіркелді. Мұнда спортшылар 30 медаль еншілеген болатын.
Пікірлер