Өңірде 23-24 шілде аралығында «Жер-2025» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
24 шілде сағат 10:00-де оқу-жаттығу аясында аумақтық хабарлау жүйесін іске қосу жоспарланған. Осылайша, сиреналық-сөйлеу құрылғыларын қысқамерзімді қосу, теле-радиоарналарды қармап қалу, интернет-ресурстарда және мобильді қосымшаларда ақпаратты орналастыру жүзеге асырылады.
«Баршаның назарына!» - бұл қауіп төнген немесе төтенше жағдай туындағанда шұғыл хабарламаны жібермес бұрын халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы.
Егер тұрғындар сиренаның дыбысын естіген болса, дереу теледидарды немесе радионы қосуы керек. Сондай-ақ ШҚО ТЖД әлеуметтік желілерінің ресми парақшаларын, «Дармен» қосымшасындағы хабарламаларды және «112» қызметінің SMS хабарламасын қадағалап, ресми ақпаратты мұқият тыңдау ұсыналады.
Пікірлер