A+ A A-

talgatzhan 30 23-07-2025, 11:05 0

ШҚО-да жасөспірімдерге қатысты 200-ден астам заң бұзушылық анықталды

Бүгін / ШҚО

15-19 шілде аралығында өңірде «Жасөспірім» жедел алдын алу шарасы өткізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Оның мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу, құқық бұзушылықтың жолын кесу, жасөспірімдердің құқықтарын қорғау және құқықтық сауаттылығын арттыру.

Полиция қызметкерлері тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарында есепте тұрған 217 кәмелетке толмаған жасөспірім мен 251 ата-ананы тексерді.

Нәтижесінде 244 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды:

ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша (Ата-аналардың балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамауы) 41 заңды өкіл жауапкершілікке тартылды;

ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша (Кәмелетке толмағандардың мас немесе алкогольдік ішімдік ішкен күйде келуі) 5 факті тіркелді;

ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы бойынша (сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін кәмелетке толмағандардың ересектердің еріп жүруінсіз көшеде болуы) 190 хаттама толтырылды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив