A+ A A-

talgatzhan 26 23-07-2025, 11:25 0

Қарапайым еңбек иелеріне — лайықты құрмет

Бүгін / ШҚО

Металлургтер күніне орай Шығыс Қазақстан облысында бірқатар еңбек адамы «AMANAT» партиясының жоғары марапаттарына ие болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Саланың дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан металлургтерге партия төрағасы Ерлан Қошановтың Құрмет грамотасы  және «AMANAT» партиясының жоғары наградасы «Белсенді қызметі үшін» медалі табысталды.

Бұл марапаттар — ел экономикасының іргетасы саналатын өндіріс саласында аянбай еңбек етіп жүрген азаматтардың адал еңбегінің бағалануының айқын көрінісі. «AMANAT» партиясы қашанда қарапайым жұмысшылардың маңдай тер еңбегін ерекше бағалап, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, құқықтарын қорғауға баса назар аударып келеді.

Шара барысында партияның Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Сайрангүл Жұмадилова мерекелік марапаттың мән-маңызына тоқталды:

- Бүгінгі марапат — металлургия саласының дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген азаматтарға деген шынайы алғысымыздың көрінісі. «AMANAT» партиясы әрдайым еңбек адамын қорғап, қолдауды басты міндетінің бірі санайды. Қарапайым жұмысшылардың еңбегі бағаланған жерде қоғам да, мемлекет те өркендейді. Өндіріс саласы — біздің ортақ күшіміздің, бірлігіміздің тірегі, — деді ол.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан — металлургия өндірісі қарқынды дамыған аймақтардың бірі. Мұнда мыңдаған металлург күні-түні тынымсыз еңбек етіп, ел экономикасының өркендеуіне сүбелі үлес қосып келеді.

«AMANAT» партиясы алдағы уақытта да қарапайым еңбек адамдарын қолдау бағытындағы бастамаларды жүйелі түрде жалғастыра бермек.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив