Жеке кәсіп бастау үшін бөлінетін грант сомасы 400 АЕК, яғни 1 572 000 теңгені құрайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Биыл өңірде халықтың әлеуметтік осал топтарына 268 грант беру жоспарланған. Қазірдің өзінде жалпы сомасы 158 миллион теңгеге 102 грант бөлінді.
— Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 18 грант, мүгедек балалары бар отбасыларға — 14, көпбалалы отбасыларға — 60 грант, АӘК алушылар және аз қамтылған азаматтарға — 4 грант берілді, — деді ШҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Досхан Қайырғазинов.
Пікірлер