Маусымда елдегі ойыншықтар бағасы бір жылдың ішінде 9,8%-ға артты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. .
Бағаның айтарлықтай өсуі Солтүстік Қазақстан облысында байқалды, онда ойыншықтардың құны 25,3%-ға өсті. Сондай-ақ мұндай өзгерістер Атырау (20,6%), Батыс Қазақстан (14,5%) және Ақтөбе (13,7%-ға) облыстары мен Алматы қаласында (12,2%-ға) тіркелді. Шығыс Қазақстанда бұл көрсеткіш 10 пайызды құрады.
Ойыншықтар құнының ең төмен өсуі Қарағанды (1,2%), Маңғыстау (1,6%) және Жетісу (3,1%) облыстарында байқалды. Ал Алматы мен Ұлытау облыстарында баға өткен жылғы деңгейде қалды.
Пікірлер