A+ A A-

talgatzhan 31 23-07-2025, 15:00 0

ШҚО-да "Жер-2025" оқу-жаттығуы басталды

Бүгін / ШҚО

Елдің сейсмикалық қауіпті өңірлерінде 23-24 шілде аралығында "Жер-2025" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Оқу-жаттығуды үйлестіру жөніндегі Штаб Шымкент қаласында орналасқан. 

Шығыс Қазақстанда жаттығудың бірінші күні шартты түрде жойқын жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдар мен шаралар пысықталды. Сейсмикалық қауіпті өңірлердің тұрғындарымен сейсмикалық жаттығулар ұйымдастырылды. Ірі сауда орталықтарында, ауруханаларда, қарттар үйлерінде дүмпу кезінде халықтың іс-әрекетіне ерекше назар аударылды.   

Қатты дүмпулердің салдарын жою кезінде авариялық-құтқару құралымдарының практикалық іс-қимылдарын пысықтау жүргізілді.

Төтенше жағдай аймағын қоршауды жүзеге асыратын Ұлттық гвардия күштері төтенше жағдай орнына келеді.

Құтқарушылар альпинистік жабдықтарды, заманауи гидравликалық құралдарды қолдана отырып, үйінділер астында қалған адамдарға көмек көрсетті. 

Кинологиялық есептеулер қираған ғимараттарда адамдарды іздеуді пысықтады. Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері зардап шеккен халыққа көмек көрсетті.

Келген өрт сөндіру бөлімшелері арнайы қалпақшалар мен автобаспалдақтар арқылы түтін аймағында қалған үй тұрғындарын "құтқарды".

ҚР ТЖМ екінші құтқару батальонының күшімен ғимараттың құлаған элементтерінен аумақты тазарту жүргізілді.

Барлық іс-қимылды азаматтық қорғау қызметтері тартылған шартты ТЖ орнында құрылған штаб үйлестірді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив