A+ A A-

talgatzhan 29 23-07-2025, 15:25 0

ШҚО-да электр желілерінде жоспарлы жөндеу жұмыстары жалғасуда

Бүгін / ШҚО

2025 жылға арналған жоспарлы-ескерту шаралары аясында «БЭСК» АҚ Өскемен қаласы мен Шығыс Қазақстан облысының аудандарындағы электр желілері нысандарында жөндеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Мақсаты – алдағы жылыту маусымына дайындық барысында тұтынушыларды электр энергиясымен сенімді әрі үздіксіз қамтамасыз ету.

Өшірілімдердің кестесі мен мекенжайлары апта сайын жаңартылып, «БЭСК» АҚ-ның ресми сайтында қолжетімді: https://besk.kz/ru/po

23 шілдедегі жағдай бойынша жөндеу жұмыстары келесі мекендерде жүргізілуде:

Өскемен қаласында:

23 шілде – «Винное» қосалқы станциясында Л-15: Новоульбинка, Винное ауылдары және ішінара Каменный Карьер;

24 шілде – ПС-22 Л-209 (Шмелев Лог ауданы: Теміржол, Лазо, Тельман, Ползунов, Рылеев, Партизан, Памирская көшелері және т.б.);

24–25 шілде – ПС-43 (Л-9, Л-10, Л-11, Л-15) – заңды тұлғалар нысандары, оның ішінде «УКТС» ЖШС және «Қазақтелеком» АҚ.

 

Алтай ауданында:

23–25 шілде – Серебрянск қаласы (Пушкин, Панфилов, Графтио, Ертіс және т.б. көшелер), Алтай қаласы (Лермонтов, Ломоносов, Путинцево көшелері), Новая-Бухтарма кенті, Средигорное және Парыгино ауылдары.

 

Үлкен Нарын ауданында:

24–25 шілде – Маймер ауылы (Тайбуга көшесі) және Ново-Хайрузовка ауылы (КТП-4).

 

Зайсан ауданында:

23–25 шілде – Зайсан қаласы (Сарсенов, Жәнібек, Сәтпаев, Куняров көшелері), Шілікті, Сартерек, Жалши, Тасбастау, Капитан-Бұлақ, Кемпір-Бұлақ, Аққұдық, Половинка, Дәуал, Ауыз-Талды елді мекендері, «Тарбағатай Мұнай» вахталық кенті және «СтройЭнержиКомпаниз» ЖШС нысандары.

 

Тарбағатай ауданында:

23–25 шілде – Жалаңаш, Қабанбай, Сәтпай, Бесшатыр, Көктүбек, Жалғызтал ауылдары.

 

Жұмыстар негізінен сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін, кейбір жағдайларда 18:00-ге дейін жүргізіледі.

Жағдай ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының тұрақты бақылауында.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив