A+ A A-

talgatzhan 31 23-07-2025, 17:35 0

ШҚО-да жер сілкінісіне байланысты жедел штаб құрылды

Бүгін / ШҚО / Басты

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеулер институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 23 шілде сағат 15:37-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Эпицентр - Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 793 шақырым жерде Қазақстан аумағы.

Облыс аумағында магнитудасы 2-ден 4 балға дейінгі жер асты дүмпулері тіркелді. Құрбандар мен ғимараттардың қирауы туралы ақпарат түскен жоқ. Барлық бейінді қызмет бекітілген алгоритм бойынша жедел жұмыс жүргізді.

Облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметовтың басшылығымен жедел штаб құрылып, хабарландыру жүйесі енгізілді. Шұғыл қызметтер дайындық режиміне ауыстырылды.

Тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету нысандары штаттық режимде жұмысын жалғастыруда, инженерлік құрылыстар мен өзен арналары бақылауда.

112, 101 арналарына келіп түскен шағымдар мен қоңыраулар мұқият зерделенеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив