A+ A A-

talgatzhan 50 24-07-2025, 11:30 0

ШҚО-дағы екі аудан облыс бюджетін игере алмай жатыр

Бүгін / ШҚО

Ресми ақпарат бүгін облыс әкімдігінде өткен отырыс барысында айтылды. Жауапты тұлғалар өнеркәсіп өндірісі мен жеке инвестиция көлемі төмендегенін де атап өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы өкілдерінің ақпаратынша, алғашқы жартыжылдықтағы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 122,7%-ға артып, 115,8 млрд теңгеге жетті. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 62,8 мың бірлікті құрады (100,9%).
Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов экономиканы әртараптандыру, инвестиция тарту, шағын және орта бизнесті дамыту сынды бағыттарды негізгі міндет ретінде атап өтті.
– Өңірдегі өнім көлемін ұлғайту, халық табысы мен салықтық түсімді арттыру үшін туризм, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, цифрландыру мен инфрақұрылым салалары басымдыққа ие болуы тиіс, – деді аймақ басшысы.
Қаржы басқармасының мәліметінше, бірінші жартыжылдықта облыс бюджетін игеру 99,3%-ға орындалды. Алайда республикалық трансферттердің кешіктірілуі мен қаржыландыру жоспарының өзгеруі салдарынан кейбір маңызды жоба уақытша тоқтатылған. Атап айтқанда, Өскемендегі Онкология орталығын жаңғырту, Белоусовкадағы Мәдениет үйінің құрылысы, ауылдардағы сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін жаңарту жұмыстары кіреді.
Нұрымбет Аманұлы жыл соңына дейін бюджет қаражатын толық игеруді тапсырды. Нақтысында, Өскемен қаласы, Глубокое және Катонқарағай аудандары әкімдеріне баса айтты.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив