A+ A A-

talgatzhan 38 24-07-2025, 14:00 0

Алтай, Үлкен Нарын, Ұлан аудандарында баспана құрылысы кешеуілдеп жатыр

Бүгін / ШҚО

Жауапты тұлғалар сөзінше, бұл мәселе нақты көрсеткіштерге қол жеткізуді қиындатуы мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыс әкімдігінде өткен жиында құрылысқа қатысты біршама ақпарат айтылды. Бұған өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов қатысып, басқарма, департамент басшылары және әкімдердің атқарып жатқан жұмысымен танысты. 
Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Руфат Акрамовтың айтуынша, осы жылы аймақ бойынша 380 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек. Оның ішінде 67%-ы көпқабатты, 33%-ы жеке тұрғын үйлер. Негізгі үлес Өскемен қаласына тиесілі – 285 мың шаршы метр.
Алты айда 146 мың шаршы метр үй пайдалануға берілген. 
–  Екінші жартыжылдықта 234 мың шаршы метр үйді тапсыру жоспарлануда. Биыл 539 жалдамалы пәтер сатып алу көзделуде. Бұл арқылы 229 көпбалалы және 310 әлеуметтік осал отбасы баспанамен қамтылады, – деді Акрамов.
«Бірқабатты Шығыс» жобасы аясында 304 пәтердің құрылысы басталды. Дегенмен Алтай, Үлкен Нарын және Ұлан аудандарында 46 пәтердің құрылысы кешігуде. Бұл мәселе көрсеткіштерге қол жеткізуді қиындатуы мүмкін.
Сонымен қатар, Өскеменде 59 мың шаршы метрді құрайтын тоғыз тұрғын үйдің құрылысы басталады. Зайсан ауданында 3 мың шаршы метр көлемінде 30 пәтер сатып алу жоспарланған.
Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов үйлерді уақтылы пайдалануға беруді қамтамасыз етуді, әсіресе құрылысы кешеуілдеген аудандарда жұмыс қарқынын арттыруды тапсырды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив