Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ажар Қажыбекова бұл туралы мәліметпен облыс әкімдігінде өткен жиында бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жауапты тұлғаның айтуынша, өңірде фитосанитарлық қауіпсіздікке де мән берілуі тиіс. Осы ретте аймақта жаппай және жеке таралатын шегіртке түрлері анықталған.
– Азиялық шегірткеге қарсы шаралар республикалық бюджет есебінен, ал жеке таралатын түрлермен күрес жергілікті бюджет арқылы жүзеге асуда. Қазірдің өзінде 88,9 мың гектар алқап тексеріліп, 16,6 мың гектарға зақым келгені анықталды. Оның ішінде 1,5 мың гектарға өңдеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы, өңірде 200 мың гектар жер залалсыздандырылды, – деді Ажар Қажыбекова.
Пікірлер