A+ A A-

talgatzhan 23 28-07-2025, 17:15 0

ШҚО-да аңшылар мен балықшылар фестивалі өтті

Бүгін / ШҚО

Аймақта табиғатты сүйетін, белсенді демалысты қолдайтын және қоршаған ортаға ұқыпты қарайтын азаматтарды біріктірген аңшылар мен балықшыларға арналған туристік фестиваль ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Ауқымды шараның қатысушыларына облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов құттықтау сөз жолдады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальге Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Орал, Ақтөбе, Қызылорда және Атырау қалаларынан қонақтар келді. Облыс әкімі бұл фестивальге қатысу — табиғатқа деген сүйіспеншіліктің және азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі екенін атап өтті.

- Фестиваль табиғатқа бейжай қарамайтын жандарды – аңшыларды, балықшыларды, табиғат қорғаушыларын біріктірді. 2012 жылы құрылған аңшылар қауымдастығы бүгінде жарты миллионнан астам қатысушыны  біріктіріп отыр және жыл сайын оның саны арта түсуде. Бұл – браконьерлікпен күресуден бастап жастарды экологиялық тәрбиелеуге дейін маңызды мәселелерді шеше алатын қуатты қоғамдық күш, – деді ұйымдастырушылар.

Фестиваль бағдарламасы Алтай, Күршім және Катонқарағай аудандарын қамтыды. Қатысушылар аймақтың көркем табиғатына тамсанып қана қоймай, Шығыс Қазақстан халқының мәдениетімен, тарихымен және қонақжайлығымен де танысты.

Фестиваль табиғатты қорғау, экотуризмді дамыту мәселелерін талқылауға және тәжірибе алмасуға арналған алаңға айналды. Қатысушылар мұндай іс-шаралар игі дәстүрге айналып, Шығыс Қазақстан елдің түкпір-түкпірінен келген пікірлестердің басын қосатын тұрақты орын болады деген үміт білдірді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив