A+ A A-

talgatzhan 30 30-07-2025, 12:35 0

ШҚО-да жол апатынан бір адам көз жұмды

Бүгін / ШҚО

28 шілде күні сағат 16:00 шамасында Өскемен-Рахманов қайнары тасжолының 54 шақырымында HOWO маркалы көлігінің жүргізушісі көз жұмды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Полиция департаментінің мәліметінше, ер адам төмен қарай келе жатып қауіпсіз жылдамдықты таңдамай, тізгінге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен. Сол жерде Алтай қаласынан Өскеменге келе жатқан SHACMAN көлігімен соқтығысқан.

HOWO жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Ал SHACMAN жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив