Елге келген шетелдік туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтық қорғалуын күшейту мақсатында ШҚО Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері шетел азаматтарына QR-коды бар туристік карталарды үлестірді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сол арқылы Save Travel.kz ресми ақпараттық порталына кіруге болады. Онда саяхатшылар үшін маңызды мәліметтер ұсынылған: жедел қызметтердің нөмірлері және SOS батырмасы, полицияның кезекші бөлімдері туралы ақпарат, елде болу ережелері мен қауіпсіздік бойынша кеңестер, туристік маршруттар мен қозғалыс сызбасы, ұялы байланыс операторлары, такси қызметтері, SIM-карталар және оларды сату нүктелері туралы мәліметтер, қонақүйлердің мекенжайлары және орналастыру нысандарына қойылатын талаптар мен «102» мобильдік қосымшасына сілтеме.
Ал туристік картадағы QR-кодты сканерлеу арқылы өзекті ақпаратпен танысуға мүмкіндік бар.
Пікірлер