A+ A A-

talgatzhan 28 30-07-2025, 16:00 0

ШҚО-ға Қытай Халық Республикасынан делегаттар келді

Бүгін / ШҚО

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдерінің жас көшбасшылары мен талантты жастарының кездесуіне ҚХР-дан алғашқы делегаттар келді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Былтыр 4 шілдеде Астанада өткен ШЫҰ саммитінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымға мүше мемлекеттердің жас көшбасшылары мен талантты жастарының жыл сайынғы кездесуін өткізуді ұсынған еді.

Биыл бұл бастама алғаш рет Түркі әлемінің алтын бесігі — шығыста, қасиетті Алтай төрінде жүзеге асады.

Іс-шараға ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің делегаттары, республикалық жастар ұйымдарының жетекшілері және өңірдің белсенді жастары қатысады.

Бұл бастаманы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ШҚО әкімдігі, «Amanat» партиясының жастар қанаты — «Жастар рухы» және «Esbol Qory» қоғамдық қорының қолдауымен ұйымдастыруда.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив