A+ A A-

talgatzhan 48 Кеше, 11:30 0

ШҚО-да жыл соңына дейін 15 млн-нан астам ағаш отырғызылады

Бүгін / ШҚО / Басты

Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов жұмыс кеңесінде орманды қалпына келтіру жұмыстарының маңыздылығына назар аударды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жыл соңына дейін өңірде 3 309 гектар жерге 15,7 млн көшет отырғызу жоспарланып отыр. Осы көктемде облыс аумағында 7 миллионға жуық қарағай, қайың, балқарағай және емен көшеттері отырғызылды.
Облыс әкімі ағаш өңдеу өнеркәсібіне ерекше назар аударды. Қазір мұнда жылына 30 мың текше метрден астам ағаш өңделеді. Соңғы жарты жылда жергілікті кәсіпорындар 1,7 млрд теңге сомасына өнім өндірді.
- Жаңа қуаттылықтарды жылына 110 мың және 60 мың текше метрге дейін іске қосып, ағаш өндіру көлемін 12 млрд теңгеге дейін ұлғайтуға болады. Жаңа жұмыс орындары ашылып, плиталық өнімдердің негізгі түрлері бойынша импортты алмастыруға қол жеткіземіз, - деді Нұрымбет Сақтағанов.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив