A+ A A-

talgatzhan 31 Кеше, 14:55 0

Күршім көпірін салған компания басшысына орден табысталды

Бүгін / ШҚО

Бүгін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «ОблШығысЖол» ЖШС директоры Жанболат Қазановты көлік саласын дамытуға, Қазақстанның көлік инфрақұрылымын қалыптастыру мен жаңғыртуға қосқан елеулі үлесі үшін жоғары мемлекеттік награда — «Барыс» II дәрежелі орденімен марапаттады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Жанболат Қазановтың басшылығымен компания елдегі ең ауқымды әрі стратегиялық маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі — Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің құрылысын жүзеге асырды. Бұл нысан техникалық сипаттамалары бойынша ғана емес, аймақ пен ел үшін маңыздылығы тұрғысынан да бірегей деп танылды.

Біз Жанболат Қазановпен байланысып, марапат жайлы пікірін білдік. Ол бұл жаңалықтың өзі үшін күтпеген жағдай болғанын айтты.

- Мемлекет басшысының қолынан осындай жоғары марапат алу — мен үшін үлкен құрмет. Бұл – бүкіл ұжымымыздың еңбегіне берілген баға әрі еліміздің тұрғындары алдындағы жауапкершілікті арттыра түседі. Қазіргі таңда Президенттің тапсырмасымен компаниямыз Катонқарағай және Зайсан аудандарында екі стратегиялық нысан — әуежайлар құрылысын жүргізіп жатыр, – деді Жанболат Қазанов.

Жаңа әуежайлар өңір туризмі, логистикасы мен экономикасының өсу нүктесіне айналмақ. Ел көлік инфрақұрылымын дамытуға осындай зор үлес қосып жүрген жерлесімізге біз де зор мақтанышпен қарап, Жанболат Қазановты лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив