A+ A A-

talgatzhan 30 Кеше, 15:30 0

ШҚО-да Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталды

Бүгін / ШҚО

1 тамыздан бастап Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталды. Бұл — он жылда бір рет өтетін маңызды науқан, оның нәтижелері ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арналған шешімдерге негіз болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Санақ екі кезеңде өтеді:

1–31 тамыз аралығында — онлайн форматта sanaq.gov.kz сайтында;

20 қыркүйектен бастап — офлайн, интервьюерлер үйме-үй барады.

Онлайн қатысу үшін ЭЦҚ, SMS-код немесе eGovMobile қосымшасындағы QR-код қажет. Сауалнамалар жер, техника, мал, инфрақұрылым, өнім өндіру және өткізу сияқты тақырыптарды қамтиды.

Егер интернет болмаса, 123 өзін-өзі қызмет көрсету пункті жұмыс істейді.

Барлық мәліметтер құпия сақталады және тек статистикалық мақсатта қолданылады.

Көмек пен кеңес алу үшін 1446 нөміріне тәулік бойы хабарласуға болады.

Санақ нәтижелері 2025 жылдың желтоқсанында жарияланады.

Ұсақ және ірі шаруашылықтардың барлығын sanaq.gov.kz арқылы санақтан өткізуге болады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив