ҚР Ішкі істер министрлігінің бастамасымен 3–13 тамыз аралығында Ғазиз Байтасов атындағы Жас жол инспекторларының республикалық 20-шы мерейтойлық слеті бастау алды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ауқымды іс-шараға 20 өңірден, ТМД елдерінен келген командалар қатысады. Жалпы саны 140-тан астам бала жиналды.
Аталған шараға қатысушы өңірлер: Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақтөбе, Қарағанды, Алматы, облысы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Жетісу, Ұлытау, Атырау, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Абай облыстары мен Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.
Слетке қатысушы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ШҚО Полиция департаменті әр өңірден келген командаларды күтіп алып, «Дарын» лагеріне дейін қауіпсіз жеткізуді қамтамасыз етті.
Пікірлер