A+ A A-

talgatzhan 34 4-08-2025, 15:20 0

ШҚО-да «Мектепке жол» акциясы басталды

Бүгін / ШҚО

Іс-шара әлеуметтік осал санаттағы балаларға жаңа оқу жылына дайындалу үшін көмектесуге бағытталған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

ШҚО Білім басқармасының ақпаратынша, «Мектепке жол» акциясы 1 тамыз-30 қыркүйек аралығында жалғасады. 

Оның мақсаты – білім алудың тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, балалардың мектепке дайындалуына көмектесу.

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, мүгедектер мен төтенше жағдайлардан зардап шеккен балаларға, өмірлік қиын жағдайда қалған басқа да балаларға көмек көрсетіледі. 

Осы ретте оқушыларға мектеп формасын, кеңсе тауарларын, сөмке, аяқ киім немесе кітаптар алып беруге болады. Бұдан бөлек, материалдық немесе басқа да қолдау құпталады.

Игі дәстүрге айналған акцияға мемлекеттік органдар, кәсіпорындар мен бизнес қауымдастық өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен еріктілер, жанашыр жандар атсалысуда.

Көмек бергіңіз келсе немесе көмек қажет болса, облыстық білім басқармасына, тұрғылықты жердегі білім бөліміне немесе мектептерге хабарласуға болады. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив