A+ A A-

talgatzhan 37 4-08-2025, 17:20 0

ШҚО әкімі негізгі азық-түлік бағаларын бақылауда ұстауды тапсырды

Бүгін / ШҚО

Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасының өсуіне жол бермеу жөнінде тапсырма берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

- Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу – өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі аса маңызды мәселе. Бұл – баға тұрақтылығын сақтау және халық үшін негізгі азық-түлік өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған экономикалық саясаттың ажырамас бөлігі. ӘМАТ бағасының өсуін тежеу – өңір үшін басымдыққа ие міндет. Бұл – әлеуметтік тұрақтылықты сақтау, халықтың азық-түлікке қолжетімділігін арттыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет, – деді облыс әкімі. 

Статистикаға сүйенсек, аймақта жұмыртқа, тұз, сары май, тауық еті сияқты күнделікті тұтынатын бірқатар өнім бағасының өскені байқалады. Сонымен қатар картоп, сәбіз, қырыққабат және пияз бағасының төмендеуі тіркелді.

Өңір басшысының айтуынша, бағаны тежеу мақсатында халық пен өндірушілерді нарықтағы тұрақсыздық жағдайында қолдауға бағытталған қаржылық, әкімшілік және ұйымдастырушылық шараларды қамтитын кешенді жоспар әзірленген.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив