2025 жылы барлық қаржыландыру көзінен жол-көлік инфрақұрылымын жөндеуге 83 миллиард теңге қарастырылған. Бұл туралы ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Нұрбек Тұраров айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
2025 жылы 856 шақырым жол пайдалануға беріледі. Қаражаттың басым бөлігі, яғни, 60,3 миллиард теңге республикалық маңызы бар жолдарды жөндеуге арналған. Оның 572 шақырымын пайдалануға беру жоспарлануда.
Реконструкциялаудың ең ұзын және тиісінше ең қымбат учаскесі - Қалбатау-Майқапшағай автожолының 173 шақырымы (1090 – 1321 учаскесі). Оған 36,5 миллиард теңге қарастырылған. Оның жалпы ұзындығы 415 шақырымды құрайды, облыс бойынша 231 шақырым өтеді. Қазіргі уақытта ұзындығы 214 шақырым болатын учаскеде жаңа асфальт жабыны төселген. Қалған 17 шақырым биыл асфальтталады.
Талдықорған – Қалбатау – Өскемен тасжолында жол жиектері жабдықталуда, Қасым Қайсенов кентінің маңында жол пайдалану учаскесінің құрылысы жүріп жатыр. 1,6 миллиард теңге қарастырылған жөндеу жұмыстары 60 шақырым жолды қамтуды жоспарлап отыр.
Осинов асуының 28 қашықтығын (Өскемен - Алтай – Рахман қайнары, 56 – 72, 72 – 88 шақырым) қайта жаңартуға 11 миллиард теңге қарастырылған. Қазіргі уақытта айналма жол салынып, Пихтовка өзені арқылы көпір салу басталды. Осы учаскедегі жұмыстар желтоқсанда толық аяқталуы тиіс.
311 шақырымды орташа жөндеуге 22,6 миллиард теңге қарастырылған. Қазіргі уақытта асфальттың төменгі қабаты 170 шақырымға, жоғарғы қабаты 60 шақырымға төселген. Жұмыстардың аяқталуы қазан айына жоспарланған.
Пікірлер