5 тамыз күні Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы, облыстық кәсіпкерлер палатасы, облыс бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, «Халықаралық «ҚАЗАҚ ТІЛІ» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Меморандумның мақсаты — мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейту, оның бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру, қолданыстағы Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, ақпарат мәтіндерін дайындау ісінде әдістемелік көмек көрсету бағытында кәсіпкерлермен ынтымақтастықты дамыту.
Меморандумға Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының басшысы Самат Берікболұлы Касенов, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Нұржанұлы Мамырбаев, облыс бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы Андрей Юрьевич Троеглазов, «Халықаралық «ҚАЗАҚ ТІЛІ» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Хуанбай Аскерхан қол қойып, алдағы уақытта өзара жүйелі ынтымақтастықта жұмыс жүргізетіндерін атап өтті.
Пікірлер