A+ A A-

talgatzhan 51 6-08-2025, 17:10 0

Абай мұрасы – ұлттың мәңгілік мұнарасы

Бүгін / ШҚО

6 тамыз күні Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен "KEGOC" АҚ "Шығыс ЖЭТ" филиалының қызметкерлеріне қазақ руханиятының алыбы, ұлттың ұлы ұстазы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай танымдық іс-шара  өткізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Іс- шара барысында екі мекеме басшылары тарапынан құттықтаулар айтылды. Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беріліп, викториналық сұрақ - жауап ұйымдастырылды. Абай поэзиясына кеңірек тоқталып, Абай шығармаларына байланысты суреттер салынды. Шара соңы Абай әндерін шырқаумен аяқталды. 

«Адам бол!» деген асыл аманатын арқалап, әділеттілік, білім, еңбек, махаббат сынды асыл құндылықтарды дәріптеген ұлы Абайдың мұрасы — мәңгілік.

Баршаңызды Абайдың 180 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!

 

ШҚ Лингвистикалық орталығы

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив