A+ A A-

talgatzhan 35 7-08-2025, 11:35 0

ШҚО-да МӘМС-тің жаңа нормалары жүзеге асырылады

Бүгін / ШҚО

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ШҚО филиалы директорының орынбасары Ирина Степанованың айтуынша, өңірде 105 505 адам МӘМС жүйесінен тыс қалып отыр. Бұл өңір халқының 14,6 пайызын құрайды. Ал республика бойынша жүйемен қамтылмағандар саны шамамен 3,3 миллионға жетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Жаңа нормаларға сәйкес, жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік әл-ауқаты дағдарыстық және төтенше деңгейде тұрған азаматтар үшін жарналарды төлей бастайды. Бұл 2026 жылы республика бойынша жүйеге қосымша 1 миллион адамды, оның ішінде облыста 25 мыңнан астам азаматты тартуға мүмкіндік береді. Ресми тіркелген жұмыссыздар үшін де жарналар жергілікті бюджет есебінен төленеді.

– Жарна төлеуді уақытша тоқтатқан азаматтарға қатысты жаңа жеңілдік шарасы енгізіледі. Осылайша, соңғы бес жыл ішінде тұрақты жарна төлеген азаматтар сақтандырылған мәртебесін алты ай бойы сақтап қала алады. Келесі жылдың қаңтарынан бастап жарналарды есептеу үшін табыстың жаңа жоғарғы шегі белгіленеді: жұмыс берушілер үшін – 40 АЕК дейін (3,4 млн теңге), жұмыскерлер үшін – 20 АЕК дейін (1,7 млн теңге), – дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ШҚО филиалы директорының орынбасары Ирина Степанова.

Ал жарна мөлшерлемелері өзгермейді. Бұл жаңалықтар жоғары табысы бар жұмыскерлердің тек 9 пайызына әсер етеді, 91 пайызы үшін еш өзгеріс болмайды.

– Бұдан бөлек, мемлекет балалар, зейнеткерлер, мүгедектігі бар азаматтар, жүкті әйелдер және басқа да санаттар үшін жарна төлеуді жалғастырады. Алайда жүйеге түсетін жүктеменің артуына байланысты мемлекет төлейтін жарна мөлшерлемесі кезең-кезеңімен 2027 жылы 2,2%-дан 2037 жылы 4,7%-ға дейін ұлғайтылады, – деді Ирина Степанова.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив