ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитеті ШҚО бойынша департаментінің басшысы Бақытбек Қизатовтың мәліметінше, жыл басынан бері 790 азаматтық және заңды тұлғаның өтініші қаралып, 166 тексеру жүргізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сондай-ақ 188 заңбұзушылық анықталып, 17,5 млн теңге сомасына 67 әкімшілік айыппұл салынды.
Ресми ақпаратқа сенсек, өндіріс орындарында 45 жазатайым оқиға тіркеліп, 50 адам зардап шекті. Алты адам көз жұмып, тағы 25-і ауыр, 19-ы жеңіл жарақат алған. 39 арнайы тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп, 90 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 4 қызметкер жұмысынан шеттетілді.
– Қазір 4 қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеу сатысында, тағы 4 лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 74 кәсіпорында 304 жұмысшыға 175,5 млн теңге көлемінде жалақы қарызы өтелді. Дегенмен әлі 7 кәсіпорынның 347 қызметкерге 208,18 млн теңге қарызы бар, – деді Бақытбек Қизатов.
Ал еңбек тәуекелдері картасы арқылы 3849 кәсіпорын қамтылып, маусымда тәуекел деңгейі жоғары 37 кәсіпорын анықталды. Оның 15-і бақылаудан алынды.
Пікірлер