A+ A A-

talgatzhan 37 7-08-2025, 12:45 0

ШҚО-да биыл 7 маңызды нысан бой көтерді

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы ШҚО Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Ерназ Мұқатаев айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Белгілі болғандай, осы жылы Алтай ауданына қарасты Жаңа Бұқтырма ауылында 200 орындық мектеп салынды .
- Глубокое ауданындағы Секисовка, Бобровка, Верх-Берёзовка ауылдарында 3 дәрігерлік амбулатория, Уварово ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт,
Ұлан ауданындағы Қасым Қайсенов кентінде 150 адамға арналған үш қабатты емхана, Согра кентінде қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық резерв мектебіне арналған шаңғы базасы пайдалануға берілді, - деді Ерназ Мұқатаев. 
Қазіргі уақытта 21 нысанның құрылысы белсенді жүргізілуде. Атап айтқанда, Риддер қаласында 600 орындық мектеп салынып, Зайсан ауданындағы Жарсу ауылында мектепке арналған спорт корпусында тиісті жұмыстар жүріп жатыр. 
- Денсаулық сақтау саласына келетін болсақ, Өскеменде гематология орталығы, Риддерде көпсалалы аурухана кешенін салу, онкология орталығы мен перзентхананы қайта жаңғырту, облыстық аурухананың жансақтау бөлімін қайта бейімдеу жұмыстары жүріп жатыр. Ал Ақжар, Бозанбай, Таврия, Марқакөл ауылдарында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің, Үлкен Нарын ауылында бассейннің, Айнабұлақ ауылында спорт модулінің құрылысы жүргізілуде, - дейді облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары 
Айта кету керек, желтоқсанға дейін өңірде 4 амбулатория қолданысқа беріледі. 

Әдемі АМАНГЕЛДІ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив