A+ A A-

talgatzhan 30 Кеше, 13:30 0

Облыстық прокуратура әлеуметтік желілерде жауапты болу маңыздылығын еске салады

Бүгін / ШҚО

Цифрлық технологиялар дәуірінде және әлеуметтік желілерде ақпараттың кеңінен таралуы жағдайында Қазақстанның құқық қорғау органдары азаматтарды онлайн кеңістікте қырағы болуға және заңды сақтауға шақырады. Әсіресе, этносаралық келісім мәселелеріне және интернеттегі арандатушылықтың алдын алуға ерекше назар аударылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Қазақстан – көпұлтты мемлекет, мұндағы халықтар арасындағы бейбітшілік пен келісім – тұрақтылықтың негізі. Алайда соңғы кезде тұрмыстық жанжалдар әлеуметтік желілерде бұрмаланып, этносаралық араздықты қоздыруға себеп болып жатқан жағдайлар жиілеп кетті. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, мұндай әрекеттердің артында жағдайды тұрақсыздандыру мақсатында жалған әрі арандатушы ақпарат тарататын арам пиғылды блогерлер тұрады.

Құқық қорғау органдары еске салады: араздықты қоздыру, сепаратизм және жаулыққа шақыру әрекеттері үшін Қылмыстық кодекстің 174 және 180-баптары бойынша 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Әрбір азамат білуі тиіс жайттар:

Арандатушылық жазбаларға пікір жазбаңыз және оларды таратпаңыз;

Күмәнді тікелей эфирлер мен чат-рулеткаларға қатыспаңыз;

Интернеттің әсеріне әсіресе бейім балалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіңіз;

Қақтығыс жағдайын байқаған жағдайда оны әлеуметтік желіге жарияламай, 102 нөміріне немесе жергілікті құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.

- Интернетте анонимдік жоқ. Әр адам виртуалды кеңістікте жасаған әрекеттері үшін де жауап береді. Заң жылдам әрі тиімді жұмыс істейді, – деп атап өтті облыстық прокуратурада.

Азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және желідегі кез келген хабарламаларға парасатпен қарауға шақырады.

Елдегі бейбітшілік пен келісімді сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Қоғамды арандатушылықтан қорғап, тұрақтылықты сақтау тек бірлесе әрекет еткенде мүмкін болады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив