Құрылысшылар күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының концерт залында өңірдің дамуына сүбелі үлес қосқан құрылыс саласы қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Марапаттарды өңір әкімі Нұрымбет Сақтағанов табыстады.
– Бүгінде облысымызда тұрғын үйлер, білім беру, медицина және мәдениет нысандары салынуда. Бұл – халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам. Құрылыс саласы – ел дамуының тірегі, келешек ұрпақ үшін мықты іргетас. Құрылыс сапасы – халқымыздың болашаққа деген сенімінің өлшемі. Сіздердің кәсібиліктеріңіздің, істеріңізге деген адалдықтарыңыз бен тынымсыз еңбектеріңіздің арқасында біз заманауи инфрақұрылымның берік негізін қалыптастырудамыз. Ол болашақ ұрпаққа қолайлы да лайықты өмір сүру жағдайын қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда облысымыз құрылыс қарқыны бойынша республикада алдыңғы қатарда тұр, – деді аймақ басшысы.
Құрылыс саласының дамуына қосқан үлесі үшін мемлекеттік наградалармен марапатталғандар:
«Құрмет» ордені – «AN Groups» ЖШС директоры Қайнар Дүйсенов;
«Ерен еңбегі үшін» медалі – «Восток-Котлы» ЖШС учаске бастығы Сержан Ақбердинов;
«Құрметті құрылысшы» медалі – ШҚО Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының бөлім басшысы Жазира Мамырбекова.
Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің құрылысында жоғары кәсібилігі мен қосқан үлесі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен Илья Глазков пен Пётр Мордвинов марапатталды.
ШҚО әкімінің алғыс хаттарымен марапатталғандар:
Елена Котлова, Талант Қайшинов, Рауан Жәкенұлы, Валерий Ткаченко, Данияр Раисов, Руслан Кистаубеков, Елдар Ахметов, Фархат Баяхметов, Нұржан Жапбаров, Бекен Әлішер, Әділ Нұржапаров, Назгүл Нұрланова, Әлішер Кенжеқанов, Зарина Дәуітханова, Іңкәр Әліпова, Арайлым Кенжеғұлова, Карина Айдарбекова, Зарина Қыдырханова, Қарлығаш Айқазынова, Мәдиана Маркенова және Ира Калимолдина.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің атынан алғыс хаттармен Дархан Шотабаев пен Руслан Шкибаев, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасарының атынан – Лариса Кашавкина мен Асет Сұлтанов марапатталды.
Қазақстан Республикасы Индустрия және құрылыс министрлігінің Құрмет грамоталары:
Нұржұм Омаров, Вячеслав Ситник, Александр Ладный, Жақсылық Еділбаев, Қайсар Сәтенов, Аманжол Урумбаев, Бекбол Әзімхан, Айнель Құсайынқызы, Салтанат Ақанова.
Қазақстан Республикасы Индустрия және құрылыс министрлігінің Құрылыс және ТКШ істері комитетінің Құрмет грамоталарымен марапатталғандар:
Владимир Кабов, Андрей Ломоносов, Максим Храмцов, Ерлан Садықанов, Талант Ахметжанов, Нұрлан Ахметжанов, Виктор Неверов, Әсем Серікжанқызы және Арайлым Серікболқызы.
Пікірлер