A+ A A-

talgatzhan 35 Кеше, 21:00 0

ШҚО-ға Ауыл шаруашылығы вице-министрі келді

Бүгін / ШҚО

Жұмыс сапары аясында Азат Сұлтанов ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесіп, тұрғындарды жеке қабылдады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Басты мақсат — өзекті мәселелерді талқылап, оларды шешуге ықпал ету. Кездесу барысында саланы қаржыландыру жайы айтылды. Мәселен, биыл республика бойынша ауыл шаруашылығын қолдауға 450 млрд теңге бөлінсе, келесі жылы бұл сома 200 млрд теңгеге артады деп жоспарлануда.

— Біздің мақсат — ең алдымен халықпен, өндірушілермен кездесіп, қазіргі уақытта туындаған мәселелер мен ұсыныстарды тыңдау, соған сәйкес нақты шешімдер қабылдау. Сондай-ақ қайта өңдеу саласындағы өндірушілер тарапынан да бірқатар сауал түсті. Олар негізінен қаржыландыру, субсидиялау және болашақтағы саяси өзгерістерге қатысты болды, — деді ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов.

Ұлжан СЕЙІТХАНОВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив