Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс ХХІІІ сессиясында мәлім болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Зайсан, Тарбағатай, Катонқарағай, Марқакөл, Күршім және Үлкен Нарын аудандарында электр энергиясы тапшы екенін атап өтті.
– Аталған мәселе бойынша Үкімет тарапынан қолдау бар. Глубокое ауданындағы “Предгорное” УК-500 қосалқы стансасынан қосымша желі тартамыз. Бұл жоғарыда аталған аудандарда халықтың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді, – деді аймақ басшысы.
Бұдан бөлек, депутаттар елді мекендерде шағын су электр стансаларын салу мәселесін қарастыруды ұсынды. Облыс әкімі жобаның техникалық-экономикалық және экологиялық сараптаманы талап ететінін жеткізіп, салалық қызметтерге жан-жақты талдау жүргізуді тапсырды.
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Пікірлер