Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс ХХІІІ сессиясында белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұрсұлтан Маратовтың сөзінше, 52 білім беру нысанын жөндеуге 959,4 млн теңге бөлінеді.
- Сонымен қатар халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тұрғын үй сатып алуды қаржыландыруға 2 871,6 млн теңге, Өскемен, Риддер қалалары мен Глубокое Шемонаиха аудандарындағы 6 мектепке инженерлік желілерді қосуды аяқтауға 518,7 млн теңге, Зайсан ауданына қарасты Жарсу ауылындағы мектептің спорт корпусының құрылысын аяқтауға 93 млн теңге бағытталады, - деді басқарма басшысы.
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Пікірлер