A+ A A-

talgatzhan 36 12-08-2025, 11:40 0

ШҚО-да шөп дайындау көлемі ұлғаяды

Бүгін / ШҚО

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов аудан әкімдеріне шөп дайындау көлемін 120%-ға жеткізуді тапсырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Мұндай шешім қолайлы ауа райына байланысты қабылданды. 

- Бұл мүмкіндікті пайдаланып, қуаңшылыққа ұшыраған өңірлерге жем-шөп дайындауда көмек қажет болса, қолдау көрсете алатындай қор жинауымыз керек, – деді өңір басшысы.

Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, ең алдымен облыстың ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз ету керек. Содан кейін күрделі климаттық жағдайда әріптестерді қолдауға мүмкіндік беретін резерв қалыптастыру қажет. Тапсырманың орындалуын қадағалау аудан басшыларына жүктелді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив