12-15 тамыз аралығында облыс аумағында «Тұрмыс» жедел алдын алу шарасы өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның басты мақсаты – тұрмыстық қарым-қатынас саласында құқықбұзушылықтардың анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу, тұрмыстық негізде жасалатын қылмыстарға жол бермеу шараларын қабылдау.
Тәртіп сақшылары құқықбұзушылық жасағаны үшін профилактикалық есепте тұрған тұлғаларды, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды тексеріп, халықпен заң талаптарын сақтау және жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша профилактикалық әңгімелер жүргізеді.
Осы ретте облыс полициясы өңір тұрғындарын отбасындағы зорлық-зомбылық, зиян келтіру қаупі немесе өзге де заңға қайшы фактілерге бейжай қарамауға шақырады.
Бұл туралы ішкі істер органдарына «102» нөмірі арқылы немесе ең жақын орналасқан полиция бөліміне хабарлауға болады.
Пікірлер