A+ A A-

talgatzhan 40 Бүгін, 12:20 0

ШҚО-да жас жол сақшылары тәжірибе алмасып, жаңа білім алды

Бүгін / ШҚО

Ғазиз Байтасов атындағы жас жол инспекторларының 20-шы мемлекетаралық және республикалық слетінің жабылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Талантты да білгір жастар тек Қазақстанның өңірлерінен ғана емес, Қырғызстаннан да келді. 
– Құрметті жастар, сіздер тек қана жол инспекторлығының дағдыларын, арнайы жол белгілерін үйреніп қана қойған жоқсыздар, сонымен қатар өз жерлеріңізді қорғауға үлес қостыңыздар. Осы уақыт ішінде барлығымыз бірлесіп, жас балалардың өмірін қорғауға бағытталған көптеген игі іс атқардық. Ең бастысы – қауіпсіздік, жол ережесі, алғашқы көмек көрсету. Мұның барлығы жас жол инспекторларының негізгі ұстанымына айналды. Өздеріңіздің ғана емес, өзгенің де өмірін құтқарасыздар деген сенімім мол, – деді ШҚО Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков.
Слет жоғары деңгейде өтті. Дайындық барысында жаңа орта, жаңа таныстық орнады. Әр қатысушы қажетті жаттығуларды меңгеріп, жол ережелерін жетік үйренді. 
– Командалардың әрқайсысы жақсы нәтиже көрсетті. Есте қаларлық сәттер өте көп. Слеттегі 10 күн жоспарланған түрде өтті: күн сайын түрлі сайыстар, қызықты ойындар, жол ережесіне қатысты сабақтар ұйымдастырылды. Барлығы тәжірибелі мамандардың көмегімен жүргізілді. Ең маңыздысы – команданың бірігіп жұмыс істеуі. Жол ережесі мен алғашқы көмек дағдылары бізге болашақта да қажет болары сөзсіз, – деді Атырау облысынан келген «Тұражол» командасының командирі Қайролла Ердәулет.

Ұлжан СЕЙІТХАНОВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив