A+ A A-

talgatzhan 35 13-08-2025, 12:30 0

ШҚО-да Қызыл кітапқа енген құсты заңсыз алып жүрген тұрғын ұсталды

Бүгін / ШҚО

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңір полицейлері жануарлар әлемін қорғау өкілдерімен өткізген рейд барысында «Сузуки» автокөлігін тоқтатқан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Тексеру кезінде көліктен ҚР Қызыл кітабына енген бір ителгі және тұзақ ретінде пайдалану мақсатында алты көгершін табылып, тәркіленді.

Ұсталған 55 жастағы облыс тұрғыны барлық мән-жайды анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілді.

Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлар түрлерімен заңсыз айналысу фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Тәркіленген жабайы құстар Өскемендегі мемлекеттік зообаққа тапсырылды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив