A+ A A-

talgatzhan 32 13-08-2025, 13:00 0

ШҚО-да 8 тірек мектеп заманауи құралдармен жабдықталды

Бүгін / ШҚО

«Арнайы мектеп білім беру ұйымдарын жарақтандыру» жобасы аясында өңірдегі 8 тірек мектептің материалдық-техникалық базасы толық жаңартылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жобаның негізгі мақсаты – ауылдардағы тірек мектептердің әлеуетін арттыру, оқушылардың сапалы білім алуына жағдай жасау. Бұл бастама 17 өңірде жүзеге асырылып, барлығы 135 ауыл мектебі қамтылды. Жобаны іске асыруға «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 33,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлген.
Қордың менеджері Динара Нұрқасымованың айтуынша, бұл жұмыс әкімдіктермен және серіктестермен бірлесіп жүргізілуде:
- Жобаны жүзеге асыру барысында әкімдік мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізсе, «Қазақстан халқына» қоры материалдық жабдықтарға қаржы бөледі. Ал Назарбаев Зияткерлік мектептері оқытушылардың біліктілігін арттырумен айналысады. Шығыс Қазақстан бойынша 1,99 млрд теңгеге 8 тірек мектептің инфрақұрылымы жаңартылды, – деді ол.
Мысалы, Бозанбай ауылындағы орта мектеп толық жаңғыртылып, 33 кабинет қайта жабдықталды. Оның ішінде физика, химия, биология, информатика, технология, робототехника, ART-студия, STEM-зертхана және телестудия кабинеттері оқушылардың тәжірибелік білім алуына арналған заманауи құралдармен қамтылған.
- Біздің мектеп 2024-2025 оқу жылында жобаға қатысып, ғимарат толық жөндеуден өтті. 33 кабинеттің 26-сы оқу кабинеттері ретінде пайдаланылады. Барлығы жаңа парталармен, компьютерлермен және интерактивті жабдықтармен қамтамасыз етілді. Практикалық сабақтар үшін де толық мүмкіндік жасалды, – дейді мектеп директоры Ардақ Бухатова.
Енді бұл жоба аясындағы жұмыстар Серебрянскі қаласындағы №1 М.В.Инюшин атындағы орта мектеп пен Глубокое ауданындағы Ы.Алтынсарин атындағы Глубокое орта мектебінде жалғаспақ.

Әдемі АМАНГЕЛДІ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив