A+ A A-

talgatzhan 36 13-08-2025, 17:30 0

ШҚО-да «Қалқан-2025» оқу-жаттығулары басталды

Бүгін / ШҚО

13–15 тамыз аралығында өңірде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша «Қалқан-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Ауқымды оқу-жаттығуға Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқару бөлімшелері, орталық және жергілікті атқарушы органдар, азаматтық қорғау қызметтері, радиациялық және химиялық қауіпті нысандардың өкілдері, Қорғаныс министрлігінің Ұлттық ұланы мен Шекара қызметінің әскери қызметшілері, Атом энергиясы агенттігі мен Ядролық физика институтының мамандары жұмылдырылды.

13 тамызда оқу-жаттығудың ашылу салтанаты мен бірінші кезеңі өтті. Бұл кезеңде облыстағы ірі өнеркәсіптік нысандарда радиациялық және химиялық апат салдарынан туындаған шартты төтенше жағдайларды жою бойынша практикалық іс-қимылдар пысықталды. Мұндай нысандарда жұмысшылар санының көптігі және химиялық зақымдану қаупінің жоғары болуы — халықтың, аумақтың және экологиялық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері қатарында.

«Қалқан-2025» оқу-жаттығуы барысында алынған тәжірибе мен практикалық дағдылар төтенше жағдайларға ден қою бойынша алгоритмдерді жетілдіруге, ықтимал апаттардың салдарын барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив