ШҚО Туризм басқармасының мәліметінше, оның 95 мыңы – ішкі туристер, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аталған салаға 15 млрд теңге инвестиция тартылып, 2 ірі нысан іске қосылды. Қонақүй қызметтерінің көлемі 2 млрд теңгеге жетті. 2029 жылға дейін туристер санын 650 мың адамға жеткізу көзделіп отыр.
Бұдан бөлек, 5 млрд теңгеге туристік бағыттарға апаратын 168 шақырым жол жөнделуде. 12 жаңа санитарлық кешен орнатылды.
Ал Катонқарағай мен Зайсанда жаңа әуежайлардың құрылыс биыл желтоқсанда аяқталады деп күтілуде.
Туризмнің «4E: Eco, Ethno, Event & Entertainment» тұжырымдамасы белсенді жүзеге асырылуда. Биыл Самарда балық аулау фестивалі, Катонқарағайда «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі өтті. 9 шілдеде ірі инвестициялық форум ұйымдастырылып, шетелдік инвесторларға облыстың әлеуеті таныстырылды.
Шекара маңында Марқакөл – Қанас (ҚХР) бағытында трансшекаралық маршрут әзірленуде. Жоба аясында жаңа шекаралық өткел мен туристік қалашық салу қарастырылған.
Айта кетейік, облыста 357 елді мекеннің 218-і интернетпен қамтылған. 2027 жылға дейін қалған 139 ауыл да интернетке қосылады. Қазір 136 демалыс базасының 79-ы интернетке қосылған.
Пікірлер