A+ A A-

talgatzhan 38 14-08-2025, 12:20 0

ШҚО полицейлері 8 келіден астам есірткі сақтаған ер адамды ұстады

Бүгін / ШҚО / Қылмыс

«Қарасора» жедел алдын алу шарасы барысында ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Абай облысындағы әріптестерімен және кинологиялық қызмет орталығымен бірлесіп көршілес өңірдің 40 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Күдіктінің тұрғылықты мекенжайы, іргелес аумағы мен шаруашылық құрылыс нысанында жүргізілген тінту барысында жалпы салмағы 8 келіден асатын кептірілген марихуана, гашиш және құрамында каннабистің психоактивті компоненті бар есірткі заттары тәркіленген. Бұл шамамен 1600 бір реттік дозаға тең екені анықталды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив