A+ A A-

talgatzhan 31 Кеше, 09:25 0

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының басқарма төрағасы тағайындалды

Бүгін / Республика / ШҚО

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының басқарма төрағасы тағайындалды. Бұл қызметке Ернұр Бурахан келді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының Facebook парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес,  Ернұр Көшерханұлы Бурахан 1981 жылы 16 маусымда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Журналистика саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар. Әр жылдары «Qazaqstan» телеарнасында тілші, тележүргізуші, «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Ақтөбе облыстық филиалының директоры, «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты «Қазақ радиолары» ЖШС директоры қызметтерін атқарды. Соңғы екі жылда Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы қызметінде болды.

Ал корпорацияны алты жылдан астам уақыт басқарған белгілі медиаменеджер Ләззат Танысбай өз өтінішімен қызметін аяқтады. Енді ол отандық «Евразия» Бірінші арнасына» жетекшілік етеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив