Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері облыста 25 орман өрті, бір дала өрті және саяжайлар мен ашық аумақтардың маңында 23 өрт оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қызыл жалынның басты себебі – қауіпсіздік шараларын сақтамау.
Өңірде өрттің алдын алу және ескерту бойынша 52 мобильді топ құрылып, 300-ге жуық адам жұмылдырылған. Облыста 1000-нан астам рейд жүргізілді.
Ал өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 83 адамға айыппұл салынды. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 410-бабы бойынша 48 адам, 336-бабы бойынша 17 адам, 367-бабы бойынша 18 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Пікірлер