Жол-көлік оқиғасы Тұрғысын ауылының маңында болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі
ШҚО Полиция департаментінің ақпаратынша, Өскемен – Алтай тасжолының 140 шақырымында Toyota Camry және Iveco 85E15 көліктері соқтығысты. Алған жарақаттарынан Toyota көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.
Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Осы ретте облыстық полиция департаментінің өкілдері жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау керектігін еске салады.
Пікірлер