“Қазгидромет” РМК мамандары келесі айға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі
Анықталғандай, қыркүйектің бірінші онкүндігінде ауа температурасы түнде +7+12°С-тан +2+7°С-қа дейін (топырақ бетінде -3°С-қа дейін үсік болуы ықтимал), күндіз +21+26°С-тан +16+21°С-қа дейін құбылады деп күтілуде.
Екінші онкүндікте де үсік сақталады. Бірақ онкүндіктің соңында күннің біраз жылынуы ықтимал.
Ал үшінші онкүндікте ауа температурасының түнде +10+15°С-қа дейін төмендеуі күтілуде. Облыстың шығысында -1-6°С аяз болуы мүмкін. Күндіз ауа температурасы +18+23°С, оңтүстікте +26°С-қа дейін жоғарылайды. Шығыста және таулы аудандарда айтарлықтай салқын болады.
Үшінші онкүндікте түнде үсік сақталады. Күндіз ауа температурасы +10+15°C, оңтүстікте +18°C-қа жетеді.
Бұдан бөлек, жауын-шашын мөлшері нормаға жуық болады деп болжануда. Үшінші онкүндіктің ортасында таулы аудандарда ылғалды қар жаууы мүмкін.
Сондай-ақ қыркүйекте әлі де күн күркіреп, бұршақ жауады деп болжануда.
Пікірлер