A+ A A-

talgatzhan 31 Кеше, 11:00 0

ШҚО-да екі жыл заңсыз алтын өндіргендер ұсталды

Бүгін / ШҚО / Қылмыс

ШҚО ҚМА департаменті ҰҚКД және прокуратурамен бірлесіп, Ұлан ауданы Шыбынды өзенінің аңғарында бағалы металдарды заңсыз өндіру және жер қойнауын өз бетінше пайдалану фактісін анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

Күдіктілер заңнама талаптарын бұзып, лицензиясыз екі жыл бойы өзен арнасын өзгерте отырып заңсыз алтын өндірген.

Кен өндіруде ауыр арнайы техника мен кенді қайта өңдеуге арналған өнеркәсіптік жабдық қолданылған.

Жеке серіктестіктің заңсыз әрекетінен келген экологиялық залал 300 млн теңгеден асты.

Тінту барысында құны 382 млн теңге құрайтын 6 кг алтын тәркіленді. Ұйымдастырушы екі ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив